АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Астанада мұнара кранының операторы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
"Мұнара кранынан түсу кезінде оператор биіктіктен құлап кетіп, алған жарақатынан қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілмейді.