АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңес отырысына жиналды.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
ҰҚШҰ хатшылығы Армения делегациясының кездесуге келмегенін атап өтті.
"Армения делегациясы ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесіне қатысып отырған жоқ, бірақ бізге шешім қабылдауға қарсылық білдірмейтінін хабарлады", - деді хатшылық өкілі Сергей Шувалов.
Оның айтуынша, Кеңес шешімдерді "шектелген форматта", яғни Арменияның қатысуынсыз қабылдауды жоспарлап отыр.