АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Алматы арнайы ХҚО басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Антикор.
"Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - делінген хабарламада.
Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта тергеу жүрзіліп жатыр.