Су тасқынынан он екі мыңнан астам мал қырылды

Өтемақы алу үшін жергілікті комиссияға өтініш беру керек
Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Су тасқыны маусымы басталғаннан бері 12 500-ге жуық мал қырылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының орынбасары Аманғали Бердалин.
Оның айтуынша, қырылған малдың 98%-на өтемақы төленді.
Бердалин әкімдіктер жанынан су тасқыны салдарын жою үшін арнайы комиссиялар құрылғанын мәлімдеді.
"Өлген мал үшін өтемақы төлеу алгоритмі бар. Ол үшін жануардың өлексесін көрсету керек және малдың құлағында тег болуы керек. Сондай-ақ ауданның ауылшаруашылық деректер базасында тіркелуі керек", - деді ол.
Өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросының критерийлері бойынша жануарлардың нарықтық құны негізінде айқындалады.
Су тасқыны: зардап шеккендер үшін 1862 жаңа үй салынып жатыр