АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаның Ресей аумағына соққы беруін қолдамайды, бірақ тиімді қорғану жолдарын өз бетінше таңдау құқығын қалдырады, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Кишиневте өткен баспасөз конференциясында.
"Біз Украинадан тыс жерде соққы жасауды қолдамадық және оған көмектеспедік. Жоғарыда айтқанымдай, Украина өзін тиімдірек қорғау туралы шешімді өздігінен қабылдауы керек", - деп РИА Новости Блинкеннің сөзінен келтірді.
Сонымен бірге Блинкен АҚШ-тың Украинаны өзін-өзі қорғау үшін барлық қажетті ресурспен қамтамасыз ететінін баса айтты.
Украиналықтардың батыстық демеушілері арасында Ресей аумағына шабуыл жасау үшін берілген қаруды пайдалануға ұйғарым жасау тақырыбында пікірталас жалғасып жатыр.