Негізгі астық алқаптарының 63%-на егін егілді – ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлер үшін арзандатылған отын көлемін ұлғайтуға энергетика министрлігімен келісті
Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның негізгі астықты аймақтарында егіс алқабының 63%-на дән себілді. Бұл туралы сенатта өткен брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.
Астық егетін негізгі өңірлер – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары.
Оның айтуынша, биыл энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігінің өтінішімен көктемгі суару жұмыстарына дизель отынының мөлшерін ұлғайтты.
"Тағы 36 мың тонна дизель отыны бөлінді. Дизель отыны шаруашылықтарға олардың өтініші негізінде бөлінеді, қазір барлығы цифрландырылған, олар өз өтінімдерін автоматтандырылған түрде береді", - деп түсіндірді ол.
Алайда бүгінде өңірлердегі қажеттілік туралы Бердалин дөп басып айта алмады.
"Мен бұл санды нақты айта алмаймын. Өтінімдер бойынша оларға дизель бөлінген. Барлық облыста дизель отынының жақсы қоры бар. Әр фермер дизель отынын сатып ала алады", - деп сендірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметте ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров қазақстандық аграршыларға жеңілдетілген бағамен (250 теңге/литр) 376 мың тонна дизель отыны бөлінгенін айтқан болатын.