АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Пентагонның барлау агенттігі Ресей Украинаға шабуыл жасау үшін "КХДР-да жасалған зымырандарды пайдаланды" деп мәлімдеді. Бірақ Мәскеу мен Пхеньян да Солтүстік Кореядан зымыран жеткізу туралы әңгіме болмағанын бірнеше рет ресми жариялаған, деп хабарлады РИА Новости.
"Ресей Солтүстік Кореяның зымырандарын Украинадағы нысандарға, соның ішінде елді мекендерге соққы беру үшін қолданды, нәтижесінде ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты және жарақат алды", - делінген барлау агенттігі жариялаған хабарламада.
Құжатта Мәскеудің бұған жауап ретінде "Пхеньянға БҰҰ-да дипломатиялық қолдау көрсеткені" туралы айтылған.
"Осылайша Мәскеу Солтүстік Корея зымырандарының ұрыс даласында, соның ішінде заманауи қорғаныс жүйелеріне қарсы қалай әрекет ететінін түсінді", - деп жазды америкалық әскери барлау қызметі.
Дегенмен КХДР Батыс БАҚ-тары мен шенеуніктерінің Ресейге қару-жарақ жеткізілгені туралы мәлімдемелерін бірнеше рет жоққа шығарды. Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің өкілі КХДР-дің Ресей Федерациясымен ешқашан қару-жарақ келісімі болмағанын және бұл туралы БАҚ-тағы кез-келген хабар шындыққа жанаспайтынын айтты.