Қазақстан, Ресей және Қырғызстан мүгедектер үшін цифрлық платформа әзірлейді

Цифрлық платформа қайырымдылық қорларының, дәрігерлердің және оңалту орталықтарының қатысуымен іске қосылады
Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Қазақстан, Ресей және Қырғызстан ерекше қажеттіліктері бар пациенттерге қызмет көрсетуге көмектесетін халықаралық цифрлық платформа әзірлейді.
Бұл туралы Еуразиляқы даму банкі цифрлық бастамалар дирекциясының директоры Александр Петров Мәскеу — Минск — Астана — Бішкек — Ереван "ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары" тақырыбындағы бейнекөпір кезінде мәлімдеді.
Іс-шара Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтті.
"Жоба ерекше қажеттіліктері бар науқастарға ыңғайлы қызмет көрсетуге көмектеседі. Осы экожүйенің арқасында олар күрделі протездерді немесе арбаларды таба алады. Жобаға қайырымдылық қорлары, дәрігерлер, оңалту орталықтары қатысады", - ЕАДБ цифрлық бастамалар дирекциясының директоры Александр Петров.
“Платформа енді ғана іске қосылып жатыр. Ол 25 ай ішінде толық жұмыс істейді деп үміттеніп отырмыз", - деді Александр Петров.
Жоба іске қосылғаннан кейін тіпті ЕАЭО шекарасынан тысқары жерлерде де қолданылады, оған ондаған ел қатысады деп болжануда.