АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Елдің батыс өңірлері ауқымды аңтициклон ықпалында болғандықтан, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп болжады синоптиктер.
"Еліміздің қалған аумақтарында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен, әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр, түнде ҚР солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, шығыста – бұршақ, дауыл, солтүстік-батыста, шығыста түнгі сағаттарды –тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі.
Қосанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысындың шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.