Мешітте ұрлық жасаған жігіт төрт жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Өткен жылдың қысында жас жігіт намаз кезінде тұрғындардың қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысы барысында азамат "Т" кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.
Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.