Мектеп түлектері мұғалімге үш бөлмелі пәтер сыйлады

40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілті 25 мамырда соңғы қоңырауда табысталды
Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Жаңаөзен қаласында 2004 жылғы түлектер "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірігіп, өз ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada порталына сілтеме жасап.
35-36 жастағы қыз-жігіттер 20 жыл бұрын қаладағы 10 мектебін бітірген. Биыл барлығы жиналып, физика мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға тосын сый жасады. Жастарға 40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады.
Гүлнәр Қарақойшиева күтпеген жерден жасалған сыйға қатты қуанып, шәкірттеріне ризашылығын айтып, көзіне жас алды.
Демеушілер мен қайырымдылық қорының өкілдері де баспана иесіне өз сыйлықтарын жасады.
Спорт
Атырауда шәкірті бапкеріне 10 миллион теңге сыйлады