Қояндыда жаңбырдан кейін жеке тұрғын үйлер су астында қалды

Су басқан аумаққа құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жіберілді
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында құтқарушылар жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды", - деп жазылған хабарламада.
Су басқан аумаққа құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жіберілді.
Еске сал кетейік, Астанада толассыз жауған жаңбырдан кейін көлік жиі жүретін жол жабылды. Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Далаға дейінгі аралықты су басты.
Астанада толассыз жауған жаңбырдан кейін көлік жиі жүретін жол жабылды