АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында сутасқынынан зардап шеккен азаматтарға 116 жаңа тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліпжатыр. Атап айтсақ, аудан бойынша салынатын 150 үйдің 116-сының құрылысы басталды", - делінген хабарламада.
Бүгінде бір үйге құрылыс материалдары әкелініп жатса, бірінің іргетасы қаланып, ал кейбіреулерінің қабырғалары бой көтеріп, үйлердің ішкі жұмыстары жүргізілуде.
Үйлергежарық, су, газ тарту жұмыстары қатар атқарылып жатыр.
Жаңа тұрғын үйлерді салып жатқан 15 компания жұмысты екі айдың көлемінде аяқтауды жоспарлап отыр.