Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына қастандық жасалды

Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына қастандық жасалды. 18 жастағы қыз ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті.
"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәлімет Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының негізінде жария етілмейді", - дейді полицейлер.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, 12-сынып оқушысына көптеген пышақ жарақатын салған. Оны дереу ауруханаға жеткізді.
"26 мамыр күні жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға ішінен бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді. Жәбірленушіге іш қуысы аймағында операция жасалды. Жағдайы ауыр, тұрақты", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазақстанда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмған