АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қала әкімдігі Тұран даңғылындағы учаскенің уақытша жабылғанын хабарлады. Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Далаға дейінгі аралықты су басты.
Коммуналдық қызметтер ол жердегі коллекторда жұмыс істеп жатыр. Себебі оған жаңбыр суынан бөлек кәріз қалдықтары да түседі.
"Сондай-ақ коллектордың жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз әрекетіне байланысты шамадан тыс салмақ түседі, оның ішінде тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және тағы басқасы кәрізге тасталады", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ұзындығы – 8 шақырым және қолданыстағы коллектордан ұзын. Жаңа коллектордың құрылысы күзде аяқталады.
"Биылғы жылдың маусым айының соңында нөсер кәріз жүйесін түсіретін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл коллектордың арқасында сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысы жеңілдейді", - деп түсіндірді мамандар.