Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Харьковта жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Харьков қаласынының мэрі Игорь Терехов өзінің Telegram-арнасында аудандардың бірінде жарылыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
Украина цифрлық трансформация министрлігінің онлайн-картасына сәйкес, Мәскеу уақытымен сағат 10:52-де Харьков облысында екі сағаттан бері әуе дабылы соғып тұрған.
Тереховтың Telegram-арнасында жарияланған мәлімет бойынша жарылыс "Северная Салтовка" жақта болған. Кейіннен қала басшысы жарылыстың Харьковтың маңында болғанын нақтылады.
Айта кетері, бұған дейін Харьков облысында жойқын жарылыс болды. Сол кезде Украина қарулы күштерінің техникасы мен жеке құрамы жиналған жерге соққы жасалды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Харьков облысында жойқын жарылыс болды