Білім

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды

186 мың түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады
Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Бүгін кезекті оқу жылы аяқталды. Биыл 3,8 миллион оқушы сабағын аяқтады, деп хабарлайды 24kz.
186 мың түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқу бітірген оқушылар саны жөнінен Түркістан облысы алда тұр. Бұл өңірде 31 мың бала мектеп бітірген. Ал Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облысында түлектер саны 5 мыңға да жетпейді. Жалпы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңға жуығы – алтын белгіге үміткер.