Ақсу зауытында екі жұмысшыны күйік шалды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін күйік шалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазхромның ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 мамырда болған.
"Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі тексерістен кейін үйіне қайтарылды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Компания қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.