Алаяқтар бейнеқоңырау арқылы несие рәсімдеуге көшті: министрлік ескерту жасады

Бейнеқоңырауға жауап берген жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет
Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі WhatsApp-тың бейнеқоңыраулары арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Оларға біреудің атына несие рәсімдеуге қажетті деректерді алу үшін бірнеше секунд та жеткілікті.
"Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Олар бейнеқоңырау көмегімен адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар кездескен. Сондықтан бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз", - дейді министрлік мамандары.
Ал бейнеқоңырауға жауап берген жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.