АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Сайрам ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Отырар порталы.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды", - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.