Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Финляндия президенті Украинаға қолдау көрсету деңгейі шегіне жеткенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стубб STT арнасына берген сұхбатында өз елінің Украинаға қолдау көрсету деңгейі шегіне жеткенін айтты.
"Қазір біз де ауқымды қолдаудың шегінде тұрмыз десек те болады. Бұл көмек екі жылдан астам уақыт бойы көрсетіліп жатыр. Біздің жағдайда бұл шамамен 3 миллиард еуроны құрайды", - деді ол.
Сәуір айында Финляндия Украинаға 23-ші әскери көмек пакеті ретінде 188 миллион еуро көлемінде қаражат жіберді. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо ел Киевке тағы бір әскери көмек пакетін беру туралы келісіп қойғанын мәлімдеді. Пакеттердің мазмұнын Финляндия билігі нақтыламады.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.