АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Астанада Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Жеке сот орындаушының бір жыл бойы борышкердің ақшасын баланың анасына емес, өз ұлының шотына аударғаны анықталды.
"Өндіріп алушы алимент берешегін өндіру жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы жеке сот орындаушыға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған", - делінген хабарламада.
Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған жеке сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.