АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Украинадағы қақтығысты ушықтырып отырған Қытай емес, Ұлыбритания, деп мәлімдеді брифингте Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Ресми өкілдің айтуынша, екі жыл бұрын Ресей Федерациясы мен Киевтің келісімге келуіне тап осы Ұлыбритания кедергі болды.
"Біз британдық тараптың мұндай мәлімдемелерін тіпті жақын одақтастары да құптамайтынын байқадық. Жалпы Украина мәселесінде отқа май құйып, барлығын ушықтырып отырған Қытай емес, дәл осы британдық тарап", - деді дипломат.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шаппс Украинадағы қақтығыс кезінде қолдану үшін Қытайдың Ресейге қару-жарақ жеткізіп жатқаны немесе қару-жарақ жеткізуді бастайтыны туралы Лондон мен Вашингтонда дәлелдер бар деп мәлімдеген. Бірақ ағылшын министр дәлелдерді ұсынбады.