Петропавлда тасқыннан зардап шеккен саяжайлықтарға көмек көрсетіледі

Sputnik
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккен саяжай тұрғындарына құрылыс материалдары тегін беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жан-жақтан келген гуманитарлық көмек. Қала бойынша 3 мың саяжай аумағын су басқан. Қазір иелеріне мемлекет есебінен 100 айлық есептік көрсеткіші көлеміндегі біржолғы жәрдемақы төленіп жатыр. Ал одан басқа тұратын жері жоқ адамдарға пәтер немесе жаңадан салынып жатқан жер үй ұсынылады. Әзірге бұл тізімге 75 отбасы еніп отыр. Енді олардың құжаттары тексеріліп, комиссияның қарауына жіберіледі.
"Сумен бірге көптеген қоқыс келген болатын. Сол қоқысты жинау үшін қазіргі таңда Петропавл қаласы әкімдігі арнайы техника бөліп жатыр. Саяжайлардың тізімдері дайындалуда. Соған сәйкес жаңағы қоқыстардың барлығы шығарылатын болады", - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.