Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурге барады

Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Сингапурге мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады", - делінген хабарламада.
Сапар аясында Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.