Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады

Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің атынан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне барады.
Бұл ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады. Спикер бүгін Мәжілістің жалпы отырысына жартылай қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.