АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша нормалар әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа заң бойынша Қылмыстық кодекстің 203-бабы "Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру" арнайы нормаларымен толықтырылады. Ал вандализм үшін жаза күшейтіледі. Сот шешімімен бірнеше жазаның біреуі тағайындалады. Олар:
100-200 АЕК (369 200 – 738 400 теңге) көлемінде айыппұл;
160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу;
Вандализмге қатысты баптың 2-бөлігі "әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған" деген нормамен де толықтырылды. Осы әрекеттердің жазасы ауыр.
500- 200 000 АЕК-ке (1 846 000-738 400 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл
300 - 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру;