"Қазақстан халқына" қоры Құлсарыда 80 үй салып береді

Құрылыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мен Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Болашақ" шағын ауданында типтік жоба бойынша 80 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Қордың мәліметінше, жергілікті әкімдіктер су басу қаупі жоқ жер учаскелерін беруді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дайындау және құрылыс жұмыстарының құжаттарын әзірлеуге көмектеседі.
Әкімдікпен жасалған серіктестік шарттарының бірі – рәсімдердің ашықтығы, бенефициарлармен түсіндіру жұмыстары және жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізу. Құрылыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғын үй құрылысына қордың қамқоршылық кеңесі 10 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында жиналған қайырымдылық осы мақсаттарға жұмсалады.
22 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" қорының есепшотына жеке тұлғалардан, компаниялар мен ұйымдардан 6,4 млрд теңге түскен.