АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. "Еуразия" коммерциялық емес ұйымы жақын шет елдердің тұрғындарына арналған жобаларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Ближнее зарубежье Telegram-арнасы.
"Ресейді тану" — осы бағдарламаның арқасында 10 мың адам Ресейдің жетекші компаниялары мен ММУ және МГИМО сияқты жоғары оқу орындарына баруға мүмкіндік алады.
"Еуразия" — мүмкіндіктер континенті" — мәдениет, тарих, халықаралық алмасу және білім беру салаларындағы 2 мыңнан астам бастаманы қолдайтын грант байқауы.
"Балалық шақ мекені" 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге жазды Ресейдің ең ірі балалар лагерлерінде өткізуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО елдері мен Молдова өкілдерін біріктіретін "Еуразия" коммерциялық емес ұйымы батыстық КЕҰ-ға балама ретінде 2024 жылы құрылған.
"Еуразия" жастарға, кәсіпкерлерге, спортшыларға, мәдениет, ғылым және ағарту қайраткерлеріне қолдау көрсетеді.
Еске сала кетейік, коммерциялық емес ұйымның тұсаукесері сәуір айында өткен болатын.