Еліміздегі жылыжайлар таяуда қиярға деген сұранысты толық өтей алады

Бқл туралы жылыжай шаруашылықтары қауымдастығының төрағасы Данияр Қалтаев айтты
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстандағы барлық жылыжайдың 70%-дан астамы облыс аумағында орналасқан. Мамыр айының басында жылыжайда құлпынай өсірушілер ел нарығына енген импорттық және арзан тәтті жидектердің көптігі туралы мәселе көтерген болатын. Арзан импорт олардыңшығынға ұшыратты. Тегісшіл ауылдық округінде Серік Жұманғарин фермерлердің мәселелерін тыңдау үшін жергілікті жылыжай иелерімен кездесті.
"Абдураман" шаруа қожалығының басшысы Аширафи Шымбергенов жалпы ауданы 33 га ашық және жабық жерде құлпынай өсіру жобасына 300 млн теңге инвестиция салған. Оңтүстік Корея технологиясы бойынша салынған жылыжайдың көлемі – 5,5 га. Технологияның ерекшелігі – күн сәулесін пайдалануында және арнайы жамылғымен жылытылуында. Соның арқасында жылыжай дақылдарын салу және өндіру қарапайым өнеркәсіптік жылыжайларға қарағанда 3 есе арзан. Жылуды аса көп қажет етпейді. Қыста жылуға барлық шығынның 70%-ын жұмсайтын жылыжай шаруашылықтары үшін бұл – өте маңызды технология.
Шымбергеновтің айтуынша, Қытай мен Кореяда бұл технология барлық жерде қолданылып, қызанақ, қияр және басқа да жылыжай дақылдарын өндіру құнын арзандатуда. Оны төмен температурада да қолдануға болады. Болашақта шаруа қожалығының басшысы қазақстандық құлпынай экспортын бастауды жоспарлап отыр.
Вице-премьермен кездесуде шаруа қожалығының басшысы өндірісті кеңейту үшін инвестициялық субсидия ала алмайтынын айтып, мәселе көтерді. Оны басқа жылыжайлар да қолдап, мемлекеттік қолдаудың бұл түрі олар үшін қолжетімді емес екенін атап өтті. Жылыжай шаруашылықтары қауымдастығының төрағасы Данияр Қалтаев қазіргі жылыжайлар ауа райының қолайсыздығына төзімді екенін атап өтті.

"Біз қазір елімізде жылыжай шаруашылығын дамыту тұжырымдамасын бірлесіп дайындап жатырмыз. Бірақ жылдан жылға қайталанатын мәселе бар. Ол – өткізу нарығы. Өнім жинай бастағанда, баға төмендейді. Жақында біз маусымда Қазақстанның қиярға деген барлық қажеттілігін өтуге дайын боламыз. Көршілес елдерден жылыжай көкөністері мен жидектер азайса, өзіміз өсірген өнімді толық көлемде сату үшін бізге тек 2-3 ай уақыт қажет", — деді Данияр Қалтаев.

Серік Жұманғарин ұсыныстарды тыңдап, мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауға және шешім қабылдауға уәде берді.