Кронплатц шыңындағы Месснер тау музейі, Италия
Мұражай италиялық альпинист Райнхольд Месснердің құрметіне аталған. Ол Кронплатц таулы үстіртінің басында орналасқан. Мұнда келушілер альпинизм тарихы, планетаның ең маңызды шыңдары қалай бағындырылғаны, сондай-ақ альпинизмге арналған жабдықтар туралы мәліметтерді біле алады.
Ертеңгі күн музейі, Рио-де-Жанейро, Бразилия
Рио-де-Жанейродағы ғылым музейін испаниялық нео-футурист архитектор Сантьяго Калатрава жобалаған. Ол Мауа пирсіндегі жағалаудың жанында салынған. Музей порт аймағының қайта урбанизациялау символы ретінде ұсынылды. Негізгі көрме аумағы келушілерді көптеген эксперимент, арнайы эффекті және тәжірибелер арқылы Жер мен Ғарыш, ертеңгі күн және адамдар сияқты салалармен таныстырады.
Кунстхаус заманауи өнер музейі, Грац, Австрия
Ғимарат әдеттен тыс блоб стилінде салынған. Ғимараттың идеясын лондондық архитекторлар Питер Кук пен Колин Фурнье ойлап тапқан. Бұл бірегей кеңістікте ең озық және инновациялық көрмелер өтеді.
Дохадағы Катар ұлттық музейі
Бұл елдің Ұлттық музейі мемлекет пен оның халқының тарихына арналған. Музей ғимараты шөлдегі раушан гүлінің пішінінде жасалған. Оның авторы – француз архитекторы Жан Нувель.
Калининградтағы Дүниежүзілік мұхит музейі
Мұнда кеме қатынасы, флора, фауна, дүниежүзілік мұхиттардың геологиясы мен гидрологиясына арналған тұрақты көрмелер мен "теңіз" кітапханасынан басқа экологиялық станция жұмыс істейді және әртүрлі дәрістер өткізіледі, ғалымдар зерттеумен айналысады. Сонымен қатар мұнда су астындағы мәдени мұра орталығы ашылған.
Corpus адам денесі музейі, Нидерланды
Бұл ғимараттың қасбеті ғана емес, келушілерді адам ағзасымен таныстыратын бағдарламасы да өте қызықты!
Шанхай астрономия музейі, Қытай
Планетарий 2021 жылы Шанхайдағы Пудун ауданындағы Линган Жаңа қаласында ашылған. Музей күмбезі 38 мың шаршы метрді алып жатыр. Бұл - құрылыс ауқымы бойынша әлемдегі ең үлкен планетарий. Планетарийдің жобасын Нью-Йорктегі Ennead Architects компаниясы әзірлеген. Музей сонымен қатар келушілер үшін білім беру және ойын-сауық орталығы ретінде қызмет етеді және Шанхай ғылым және технология музейінің бөлігі.
Гуггенхайм музейі, Бильбао, Испания
Америкалық Соломон Гуггенхайм музейінің филиалы 1997 жылы Испанияның Бильбао қаласында ашылған. Музей көрмелерімен ғана емес, қазіргі заманның ең әсерлі ғимараттарының бірі ретінде де танымал. Ғимаратта бірде-бір тік бұрыш жоқ, музейдің өзі шыны мен болаттан жасалған алып кемеге ұқсайды.
Ханой музейі, Вьетнам
Музей көрмелері Вьетнам қарулы күштерінің жауынгерлік жолына арналған. Мұнда кеңестік, қытайлық, сондай-ақ америкалық және француздық әскери техника мен қару-жарақ үлгілері қойылған. Мұнараның шолу аумағынан Ханой қаласының әдемі көрінісін тамашалуға болады.
Болашақ музейі, Дубай, БАӘ
Музей инновациялық және футуристік идеяларға арналған. Ол Дубайдың қаржы ауданында орналасқан. Болашақ музейі – Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті және премьер-министрі мен Дубай билеушісі Жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум жазған болашақ туралы өлең жазылған терезелері бар доғал пішінді ғимарат. Дубай болашақ қоры негізін қалаған.
Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы мәдениет орталығы.
Бұл үлкен құрылыс кешенін ирак-британ сәулетшісі Заха Хадид жобалаған және өзінің ерекше сәулетімен және өткір бұрыштары жоқ стилімен танымал. Орталық 1969-1982 жылдары Әзербайжан КСР бірінші хатшысы және 1993 жылдың қазанынан 2003 жылдың қазанына дейін Әзербайжан Республикасының президенті болған Гейдар Әлиевтің есімімен аталады.
Zeitz MOCAA заманауи өнер музейі, Кейптаун, Оңтүстік Африка Республикасы.
Бұл – Африканың қазіргі заманғы өнерінің әлемдегі ең үлкен музейі. Ол өткен ғасырдың 20-жылдары салынған бұрынғы астық қоймасында орналасқан.
Соумайя музейі, Мехико, Мексика.
Өнер музейі 1994 жылы құрылған және 2011 жылдан бері жаңа алты қабатты ғимаратта орналасқан. Миллиардер Карлос Слимнің қаражатына Мехико қаласында салынған және топтамада миллиардердің 66 мыңнан астам жеке бағалы бұйымдары қойылған.
Холон дизайн музейі, Израиль.
Бұл дизайнға арналған Израильдегі алғашқы музей. Ол заманауи мәдениетке арналған әлемдегі жетекші музейлердің бірі ретінде танымал. Музей әлемге әйгілі сәулетші Рон Арадтың ғимаратында орналасқан.