Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада әскерге жаңадан шақырылғандар үшін ауыр техника жетіспейді – БАҚ

Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Украинада Украина қарулы күштеріне жаңадан шақырылған сарбаздар үшін ауыр техника жетіспейді, деп жазды Forbes журналы. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Жаңа әскердің барлығына жеткілікті ауыр техника жоқ", - деп жазды басылым.
Журнал хабарлағандай, Украина қарулы күштерінің жаңа бригадалары механикаландырылған емес, жаяу әскер болып табылады. Киевтегі ауыр техниканың тапшылығы соншалық, жаңадан құрылған 153-ші бригада механикаландырылған бригададан жаяу әскерге ауыстырылды.
Forbes мәліметінше, егер Украина қарулы күштері шабуыл жасауды көздесе, оларға қосымша техника қажет болады.
Украинада мобилизациялауды күшейту туралы заң 18 мамырда күшіне енді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық азаматты әскери комиссариаттағы өздері туралы деректерді жаңартуды міндеттейді. Ол үшін әскери комиссариатқа жеке келу керек немесе әскерге шақырылған азаматтың электрондық кабинетінде тіркелу керек. Әскерге шақырылушы шақыру қағазын өзі көрмесе де, шақыру қағазы тапсырылған болып есептеледі.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынады. Әскерге шақыру қағазын әртүрлі жерлерде беруге болады.