Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінен кейінгі баспасөз конференциясы

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтіп жатыр.
Sputnik
Делегация басшылары ұйымның саммитіне (3-4 шілде) дайындық барысын, халықаралық және өңірлік өзекті тақырыптарды талқылайды.
Сонымен қатарбірлестікті одан әрі дамыту және оны жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бейімдеу перспективаларына ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ отырыста министрлер ШЫҰ-ның жаңа бас хатшысы мен ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық құрылымының атқарушы комитеті директорының кандидатураларын да қарайды.
Қорытынды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.