Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ СІМ кеңесінің отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

19 мамырда Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астанада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының отырысы екі күн бұрын қайтыс болған Иран президенті Эбрахим Раиси мен Иран сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахианды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.
Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар мінген тікұшақ 19 мамырда елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Верзеган ауданында құлады. 20 мамыр күні таңертең Иран вице-президенті Мохсен Мансури президент пен оның делегациясының қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Делегация Әзербайжанға сапардан елге қайтып келе жатқан. Әзербайжанда Раиси мен оның әзербайжан әріптесі Ильхам Әлиев "Гыз Галасы" гидроторабының ашылу салтанатына және шекарада орналасқан Аракс өзенінде "Худаферин" гидроторабын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Раиси мен тікұшақ апатында қаза тапқан басқа тұлғаларды жерлеу рәсімі 21 мамырда Тебризде өтеді. Бірінші вице-президент Мохаммад Мохбер жаңа сайлауға дейін 50 күн бойы Иран президентінің міндетін атқарады.
Иран президенті Раиси мінген апатқа ұшыраған Bell-212 тікұшағы Америкада жасалған, деп жазды Иран агенттіктері.
Құтқару операциясы дүйсенбі күні таңертеңге дейін жалғасты және күрделі климаттық жағдайларға байланысты операцияны жүргізу қиындады.
Таңертең тікұшақтағы барлық адам, оның ішінде Раисидің де қайтыс болғаны белгілі болды.
Синоптиктердің айтуынша, тікұшақ құлаған аймақта "термиялық депрессия" болған: бұлттар жерге дейін төмендеп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауған, ауа тығыздығы тұрақсыз болған.
Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер арнайы кеңес ұйымдастыратын жаңа президент сайлауына дейін 50 күн бойы мемлекет басшысы қызметін атқарады.
Ресей түнде Раисиді іздеуге көмектесу үшін екі Ил-76 ұшағын жіберді, қазір екі ұшақ та Жуковскийге қайтты, деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін шетелдік көшбасшылар, соның ішінде Еуропалық кеңес басшысы, Армения президенті және БАӘ президенті, Ресей елшілігі осы оқиғаға байланысты Иранға көңіл айтты.
Тоқаев Иран президенті тікұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты көңіл айтты