АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға жеткізу келісіміне өзгеріс енді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.