Балқаш көліндегі су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді

Жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді
Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді", - делінген хабарламада.
Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте:
Сарышаған,
Қарақұм,
Балқаш,
Мыңарал бақылау жүргізіледі.
"Сонымен қатар БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.