АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Астанада ШЫҰ министрлерінің отырысы қарсаңында Ресей мен Қытай ішкі істер министрлері Сергей Лавров пен Ван И бас кездесіп жатыр.
Сыртқы істер министрлері Владимир Путиннің Қытайға сапары мен оның Си Цзиньпинмен кездесуін талқылады. Лавров екі ел көшбасшылары Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің Бейжіңдегі келіссөз қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемесі бүкіл әлемде қызу талқыланғанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың 75 жылдығы аясындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету туралы көшбасшылардың бірлескен мәлімдемесі бүкіл әлемде, соның ішінде БҰҰ-да үлкен резонанс тудырды. Бұл мәлімдеме біздің қарым-қатынасымызды одан да жоғары деңгейге көтеруде жаңа міндеттерді белгіледі", - деді Лавров.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясы мен Қытай арасындағы алдағы байланыстар жоспары өте тығыз.
"Құрметті министр мырза, қымбатты дос, біз сізді бір айдан аз уақытта Нижний Новгородта өтетін БРИКС елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде күтеміз", - деді Лавров.
Ол сондай-ақ Мәскеу мен Бейжің "Бейжіңде көшбасшылардың кездесуінен кейін қарым-қатынасқға берілген қарқынды кідіріссіз пайдалануы керек" деп айтты.
Ертең Астанада ШЫҰ-ның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кеңесі өтеді.
Бұған дейін Ван Идің Қазақстанға ресми сапармен келгені хабарланды. Ол қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамда кездесіп, екіжақты құжаттарға қол қойылды.