Су тасқынынан зардап шеккен 60 мыңнан астам адам үйіне оралды

Эвакуациялау пункттерінде 5 мыңнан астам адам қалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан бойынша 61 348 адам өз үйіне оралды, деп хабарлады ТЖМ.
Эвакуациялау пункттерінде 5 456 адам қалады.
"11 319 тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан су тартылды. 22,4 млн м3 астам еріген қар суы сорылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматының ТЖМ бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысынан кеткенін хабарлады.
Су басу қаупіне байланысты екі облыста жол қозғалысына шектеу қойылды