АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында су басу қаупіне байланысты жолдың үш учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Қазавтожол.
Атырау облысында су басу қаупіне байланысты мына автомобиль жолдарында көліктің барлық түріне шектеу қойылды:
"Атырау-Орал" автожолының 71-179 шақырымы (Махамбет - Индер елді мекендер учаскесі;
"Атырау-Орал" автожолының 179-189 шақырымы (Индер елді мекені - БҚО шекарасы).
Сондай-ақ БҚО-дағы Атырау-Орал" автожолының 189-492 шақырымында (Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі) жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды.