Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылды: бір адам қаза болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 мамыр - Sputnik. Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылып, қайтыс болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Жол апатына жүргізушінің жүрек талмасы себеп болған деген болжам бар. Мұндай ақпаратты облыстың полиция департаменті бөлісті.
"Автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, трамвай бағанасына соғылған. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қайғылы оқиғаға жүрек талмасы себеп болу мүмкін деген болжам бар", - деп хабарлады ведомство.
Павлодарда автобус трамвай бағанасына соғылды
Оқиға Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.