Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада мобилизация туралы заң күшіне енді

Украинада мобилизацияны күшейту туралы Заң 18 мамырдан бастап күшіне енді
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Құқықтарды шектеу, әскери комиссариатқа келмегені үшін көлік жүргізуге тыйым салу, шетелдегі украин азаматтарының әскери міндеттілері үшін консулдық қызметтерді шектеу: 18 мамырдан бастап Украинада мобилизацияны күшейту туралы заң күшіне енді, деп жазады РИА Новости.
Құжат әскери міндеттілерге жаңа талаптар қойып, олардың құқықтарын азайтады. Украин әскерилері мен олардың туыстары күткен демобилизация мүмкіндігі заңмен қарастырылмаған.
Құжат Украин қарулы күштерінің майдандағы сәтсіздіктері, атап айтқанда Авдеев және Мариинск бағыттарындағы жеңілісі аясында қабылданды. Әскери қызметшілер мен сарапшылар украин әскерлері жеке құрамының жетіспейтіндігі туралы мәлімдеді. Киевтің Батыстағы серіктестері егер әскери күш жетіспесе, Батыстан берілген қару-жарақтың пайдасы аз екенін алға тартты.
Қақтығыс басталғалы украин азаматтарының бір бөлігі өз еркімен соғысқа аттанған. Бірақ Украина армиясының азаюы, ротацияның болмауы және демобилизация жағдайында мобилизациядан қашатындар көбейіп келеді. Украиналық әскери міндеттілер қызметтен жалтару үшін мыңдаған доллар төлейді, әйелдің киімін киіп, елден заңсыз кетуге тырысады немесе шекаралас Тиса өзенінен өтіп кетеді, ал кейбіреулері қайтыс болады.
Мобилизация туралы заң қызметтен жалтаруды азайтуға және әскерилер санын арттыруға арналған.