Ресей мұсылман елдерімен қарым-қатынасты бағалайды - Матвиенко

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Ресей мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынасты ары қарай кеңейтуге және нығайтуға ерекше мән береді, деді РФ федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко "Ресей-Ислам әлемі: KazanForum" Халықаралық экономикалық форумы қатысушыларына арналған сөзінде, деп жазады РИА Новости.
Құжатта форум өткен жылдар ішінде Ресей мен мұсылман әлемі елдері арасындағы диалогты тереңдету үшін беделді және сұранысқа ие алаңға айналғаны жазылған.
"Ресей мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынасты ары қарай кеңейтуге және нығайтуға ерекше мән береді", - деді Матвиенко.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясы әртүрлі ұлттар, діндер мен мәдениет өкілдері арасындағы жемісті көп ғасырлық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жарқын мысалы бола алады.
"Ғасырлар бойы Ресейдің дамуына исламды ұстанатын халықтар айтарлықтай үлес қосып келеді. Бізді біріктіретін дүние: неғұрлым әділ көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыру, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында белгіленген халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алу", - деп атап өтті саясаткер.
Матвиенко Ресей ислам әлемі мемлекеттерінің аймақтық және әлемдік істердегі рөлін нығайтуды жақтайтынын айтты.
"Осыған байланысты біз ірі мұсылман мемлекеттерінің БРИКС-ке шақыруын құптаймыз және олар 2024 жылы Ресей Федерациясы төрағалық еткен іс-шараларға белсенді қатысады деп үміттенеміз", - делінген спикердің хабарламасында.
KazanForum қатысушылары ислам елдерінің тағамдарының дәмін көре алады