АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған ағайынды екі азамат сотталды.
Ағайынды жігіттер 2020-2021 жылдар аралығында облыс аумағында "Qnet" құрылымдық бөлімшесін құрған.
"Олар азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға бағытталған әрекеттер жасаған. Активтерді қайта бөлу және басқа қатысушылардың жарнасы есебінен кейбір қатысушыларды байыту жолымен ұйымдастырып отырған. Аталған қаржы пирамидасынан 40 салымшы зардап шеккен. Шығын көлемі - 53 млн теңге", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға толық қайтарылды