Путин Тоқаевқа не үшін телефон соқты

Ресей президенті қазақстандық әріптесін туған күнімен құттықтады
Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон соқты, деп хабарлады Кремль.
"Әңгіме барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен шын жүректен құттықтады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы түрлі форматтағы кездесулерді талқылады.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
"Владимир Путин сондай-ақ Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы әсерімен бөлісті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.
Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады