Мүфти халал саласы бойынша мамандар даярлау жүйесін құруға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Жоғары білікті мамандардың жетіспеуі ресейлік халал индустриядағы проблемалардың бірі, оларды дайындаудың стратегиясын құру қажет, деді Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының мүшесі, Мәскеу мүфтиі Альбир Крганов.
"Ресейде тез дамып келе жатқан халал индустриясы үшін елде жоғары білікті мамандар жетіспейді. Ресейлік өндірушілерді араб-мұсылман әлемінде ілгерілету үшін оларды даярлау стратегиясын құру қажет. Халал саласында эксперттер мен мамандар өте аз. Кадрларды және олардың резервін дайындаудың ұзақ мерзімді жүйесін құру қажет", - деді мүфти Крганов"Ресей-Ислам әлемі: KazanForum 2024" форумы аясындағы сессияда.
Ол бұған дейін РМДБ мен Росаккредитация арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.
"Құжатқа қол қою бірқатар маңызды ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бірқатар өңірде билік, рухани орталықтар мен білім беру орталықтары арасында халал саласындағы тығыз ынтымақтастық қажет. Университеттер бұл мәселеге қосылуға дайын және осы ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек", - деді Крганов.
14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.
KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.