АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Малайзияның екіжақты тауар айналымы бір жыл ішінде 150 млн доллардан шамамен 245 млн долларға дейін өсті. Енді бұл көрсеткішті пандемияға дейінгі 650 млн доллардан асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов Малайзия еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптестердің бірі екенін атап өтті.
Казахстанcко-малазийский инвестиционный круглый стол
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Ол Қазақстанның Малайзияға экспортты әртараптандыру ниеті туралы мәлімдеп, малайзиялық кәсіпкерлерді қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, қаржы, білім беру, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы серіктестігін нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеуге шақырды.
"Бүгінде Қазақстанда малайзиялық капиталдың қатысуымен 48 компания жұмыс істейді. Жалпы сомасы $410 млн-нан астам 17 бірлескен инвестициялық жоба іске асырылуда", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Ал Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымының өсімі 30%-дан асқанын мәлімдеді.
Малайзия Қазақстанмен туризм, білім беру, энергетика салаларында, сондай-ақ қазақстандық халал өнімдерді жеткізу саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұдан басқа әлеуеті басым бағыттар бойынша бірлескен жобалар санын көбейту қажеттігі аталып өтті.