АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Кремль Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жарияланды.
Владимир Путин қазақстандық әріптесін туған күнімен құттықтады.
"Мемлекет басшысы ретіндегі қызметіңізде сіз отандастарыңыздың лайықты құрметіне және халықаралық аренада айтарлықтай беделге ие болдыңыз", - делінген жеделхатта.
Ресей екі ел арасындағыр арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды, деп атап өтті Путин.
"Біздің жолдастық қарым-қатынасымызды бағалаймын. Бұдан әрі де Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін бірлесіп жұмыс істей береміз", - деді Ресей президенті.
Ол Тоқаевқа денсаулық, амандық және табыс тіледі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.