"Министрден" СМС хабарлама келсе не істеу керек?

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған жалған аккаунттардан белгісіз адамдар жеке хабарламалар жіберіп жатыр, дп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алаяқтар өзге адамның атын пайдаланып азаматтарды әңгімеге тартуға және қандай да бір жолмен жеке деректерді алуға немесе басқа да алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады.
"Егер сіз осындай фактімен бетпе-бет келсеңіз, ондай хабарламаларға сенбеуіңізді және оларға жауап бермеуіңізді, алаяқтарға сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау үшін жіберілген сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ интернет-алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескерткен болатын.
Су тасқынына байланысты өтемақыны күткен адамдарға алаяқтар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, тізімде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуін ұсынуы мүмкін. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына көп мөлшердегі несие рәсімдей алады.
Тасқын өтемақысына байланысты алаяқтық схема пайда болды: министрлік ескерту жасады