АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу нәтижесінде Украина қарулы күштерін Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған батареялармен қамтамасыз ету келешегін талқылағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Кулебаның айтуынша, Киев жақын арада жеті жүйені алады және оның екеуі Харьковке арналған.
Кулеба Times of Ukraine газетіне берген сұхбатында Киевте АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде Patriot жүйесі бар әрбір елді және оларды Украинаға беру мүмкіндігін талқылай алғанын айтты.
"Біз жеті жүйені мүмкіндігінше қысқа мерзімде алуымыз керек, олардың екеуі шұғыл түрде Харьковты қамтуы керек", - деп мәлімдеді Кулеба басылымның Telegram каналында жарияланған видеода.
Ол құны бір миллиард доллар тұратын Patriot батареясына қарағанда қарапайым жер-әуе зымыран жүйелерін нарықта еркін сатып алуға болатынын түсіндірді.
"Жүйе орналасқан елдің, сондай-ақ технологияның иелері ретінде АҚШ-тың рұқсаты қажет", - деп түсіндірді Кулеба.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.