АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.
"Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады.